|
Пайғамбар (ﷺ) мешітінде әйелдерге арналған Құран үйірмесі ашылды
|
Қасиетті қос мешіт істері жөніндегі бас дирекциясы Пайғамбар мешітінде әйелдерге арналған Құран үйірмелерінің ашылғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде IQNA дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәдина қаласындағы Пайғамбар (ﷺ) мешітінде әйелдер қауымына қасиетті кітапты оқып-үйрену және жаттау сабақтары басталды. Бұрын Мединадағы әйелдер мұндай дәрістерге тек виртуалды түрде қатыса алатын. Қасиетті қос мешіт істері жөніндегі бас дирекцияның жетекшісі, шейх Әбдірахман ас-Судаистің айтуынша, департамент әйелдер арасындағы рухани-ағартушылық іс-шаралардың ауқымын кеңейту бағытында осындай қадамға барып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді