153 елдің арасында Қазақстан түсік жасатудан 3-ші орыннан көрінді
153 елдің арасында Қазақстан түсік жасатудан 3-ші орыннан көрінді
3 жыл бұрын 3107 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

World Population Review сайтында түсік жасату деңгейі өте жоғары елдер рейтингісі жарияланған. Бұл тізімде Қазақстан үшінші орыннан көрінген. Бұл жайында islam.kz порталы inaktau.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш сайттағы мақала авторлары күллі әлемдегі жасанды түсіктің санын нақты анықтау мүмкін еместігін жазған, өйткені, көптеген елдерде түсікті есепке алмайды, яғни, тіркемейді әрі мұндай ақпаратты жасырын ұстайды. Бұл жағдай көбіне түсік жасатуға заңмен тыйым салынған елдерге тән, дәрігерлер тиісті есебін жүргізбейді. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, соңғы жылдары түсік жасату көрсеткіші артып келеді, көбіне жасырын жасалатындықтан өлімге апарып соқтыратын жағдайлар көбейген. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кіретін 153 елдің 58-де түсік жасатуға рұқсат етілген. Тек алты мемлекет (БҰҰ мүшесі), атап айтқанда, Мальта, Доминикан республикасы, Сальвадор, Чили, Никарагуа және Оңтүстік Судан түсік жасатуды заңсыз әрекет ретінде таныған. Әлем елдеріндегі жасанды түсік санын анықтауда БҰҰ әзірлеген World Abortion Policies есебінде келтірілген деректер пайдаланылған. Әлем бойынша түсік жасатудан Ресей Федерациясы бірінші орында тұр – мың әйелге шаққанда 53,7 жасанды түсіктен келеді, одан кейінгі орынға Вьетнам табан тіреген – 35,2, ал үшінші орынға Қазақстан жайғасқан – 35. Жасанды түсік бойынша ең төменгі көрсеткіш Мексикаға тән – 01 және Португалия – 0,2.

0 пікір
Мұрағат