2024 жылы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша әуе рейсі ашылады
2024 жылы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша әуе рейсі ашылады
5 ай бұрын 560 inform.kz Эльмира Оралбаева

Wizz Air Abu-Dhabi әуе көлігі Түркістан қаласына ұша бастайды, деп хабарлайды Kazinform.  

Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейтуге қатысты жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Осылайша, келесі жылдың 16 қаңтарынан бастап Wizz Air Abu - Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Рейстер Airbus A321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады. Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан қаласының тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді.

Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Эльмира Оралбаева

0 пікір
Мұрағат