|
Алматыда қымбат көліктерді өртеушінің видеосы желіде пайда болды (видео)
|
Алматыда қымбат көліктерді өртеуші бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Қылмыскердің әрекеті түсіп қалған видеоны Motor.kz-ке пайдаланушы Дмитрий Голубинский жіберген.
Порталдың мәліметіне сәйкес, өртеуші Toyota Land Cruiser көліктерін жоюға әуестенген: өткен айда бұл маркылы 4 көлік пен бір Toyota Sequoia өртке оранған.
Екі көлікті қылмыскер Жамбыл көшесінің бойында 6 шілде күні өртеген. 8 шілдеде үшінші көлік Брусиловский көшесінде өртелінді. Сонымен қатар Тургут Озал көшесінде Toyota Sequoia-ға да өрт қойылған.
Соңғы өртті 14 шілде күні Сәтбаев көшесінде ұйымдастырған қаскөй камераға түсіп қалған. Бұл жолы өртеуші Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін өртеп жіберген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды