Кардинал Жан-Луи Торан Бас мүфтиге Ораза айтпен құттықтау хатын жолдады
Кардинал Жан-Луи Торан Бас мүфтиге Ораза айтпен құттықтау хатын жолдады
9 жыл бұрын 2842

Ватикан қаласының  дінаралық диалог кеңесінің президенті Кардинал Жан-Луи Торан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына «Ораза айт» мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

«Әлем католиктері және жеке өз атымнан бейбітшілік пен мейірім мерекесі Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер Рамазан айында ораза ұстап, дұға жасап, садақа беріп, кедейлерге көмек көрсетіп, туған-туыстар мен достарды аралап игі істер атқардыңыздар. Мен осы қайырлы істердің барлығы сіздердің өмірлеріңізді жақсылыққа бөлейтініне сенемін», – делінген құттықтау хатта.  

Сондай-ақ, Ватикан қаласының дінбасы қасиетті Рамазан айы адам баласының жүрегіне ізгілік дәнегін егіп, бүгінгі күн мен болашаққа деген сенімді ұялататынын жеткізді.

«Адам баласының ізгі армандарын іс жүзінде асыруға деген талпынысын көрген кезде адамзат болашағына үмітпен қараймыз.   Ораза айт мерекесі сіздердің рухани  байлықтарыңызды одан әрі дамытуын шын жүректен тілеймін. Мереке барлықтарыңызға бақыт әкелсін», – делінген құттықтауда.м

0 пікір
Мұрағат