Ораза айт күні мешітке шабуыл жасалды
Ораза айт күні мешітке шабуыл жасалды
9 жыл бұрын 4001

Индонезия аралдарының бірінде орын алған оқыс оқиға туралы ақпарат кешігіп жарық көрді. Десе де, бұл ақпарат мұсылман үмбетіне жайсыз тиіп отыр. Жаңа Гвинея аралындағы Папуа округынде христиан радикалдары Ораза айтты мерекелеп жатқан мұсылман жамағатына шабуыл жасап, нәтижесінде 1 мұсылман қаза тапты және 12 адам жарақат алды. Индонезияның мемлекеттік қауіпсіздік министрі Теджо Пуритжатоның сөзіне қарағанда, кісі өліміне апарып соқтырған бұл оқиға Ораза айтқа қарсы христиан радикалдарының шеруінен басталған. Папуас-христиан радикалдары тек мешітке шабуыл жасап қоймай, сонымен қатар, мұсылмандардың 6 баспанасы мен 11 дүкенін өртеп жіберген. Бұ жайында «IslamNews» порталы Қытайдың «Xinhua» басылымына және брунейлік «The Brunei Times» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. 

 

0 пікір
Мұрағат