Еліміздің әнұранын айтудан бас тартты
Еліміздің әнұранын айтудан бас тартты
9 жыл бұрын 7361

   «Орал апталығы» мерзімді басылымының оқырманы Максут Жумагалиев еліміздің әнұранын айтудан бас тартып, ондағы бір жолды өзгертуді ұсынды. «Қазақстанның әнұранына қатысты жазып отырмын. Оның мәтінінде"Туған жерiм менiң – Қазақстаным" деген жол бар, жолма-жол аударғанда "Казахстан – это земля, на которой я родился" болып шығады. Мен, мәселен, Ресейде тудым, Қазақстанға 1992 жылы келдім. Қазақстанды  туған елім деп есептейтінмін, алайда, әнұран бойынша Қазақстанды отаным бола алмайды екен, өйткені, мен Қазақстаннан тысқары жерде тудым»,- деп түсіндіріпті сабазың. Ол осы мәселеге қатысты хатын ҚР Мәдениет министрлігіне жолдап, әнұранның әлгі жолын өзгертуді талап еткен. «Ел азаматтарының жартысының тарихи отаны басқа, сол себепті, әнұран мәтініне мұқият болу керек»,- деп көсілген. Мәдениет министрлігі оның талабын орындаудан бас тартып, азаматтық белсенділігі үшін алғыс білдірді. Аталмыш ведомства ҚР әнұранының сараптамадан өткенін айта келіп, «елдің жоғары заң шығарушы органы» мақұлдағанын жеткізген. «Енді мен әнұранды принципті түрде айтпайтын боламын бұл жолды өзгертпейінше»,- деп бұлданған. 

8 пікір
Мұрағат