Ел іші: Сапарбаев Калачидегі құпия болған «Ұйқы ауруының» себебін атады
Ел іші: Сапарбаев Калачидегі құпия болған «Ұйқы ауруының» себебін атады
9 жыл бұрын 3536

Калачи және Красногорск ауылдарының тұрғындарының «Ұйқы ауруына» шалдығуына улы газ себеп болғанын премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгінде Калачи және Красногорск селолары тұрғындарының ұйқы ауруына шалдығуының себебі анықталды. Ең бастысы, екі селоның тұрғындарын медициналық тексерістен өткіздік. Ғалымдарды, мамандарды, радиация және экология, гигиена және кәсіби аурулар, ядролық физика институттарының қызметкерлерін бұл жұмысқа тарттық. Олардың зерттеулерінің нәтижесін Прагаға, Мәскеуге, Обнинскіге жібердік, олар біздің мамандардың қорытындысын растады», – деді Сапарбаев.

Вице-премьер бұл екі ауылдың тұрғындарының «ұйқы ауруына» шалдығуының себебі улы газ болып отырғанын атап өтті.

«Бүгінде ауруға улы газ себеп болып отыр, ол жерде кезінде уран шахтасы болғанын білесіздер. Кей кезде ол жерде улы газ бен көмірсутектің үлкен концентрациясы пайда болып, оттегінің мөлшері төмендейді. Осының салдарынан «ұйқы ауруы» пайда болады. Қазірде Калачи мен Красногорсктің бүкіл тұрғындарын көшіруді ұйғардық», – деді үкімет басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, республикалық және жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді.

«Сонымен қатар Ақмола облысының бизнесмендері көмек көрсетті. Ауылдарда 223 отбасы тұрады, олардың 68-і көшірілді, қалғаны биыл және келесі жылы толық көшіріледі», – деді Сапарбаев.

 

Атырау облысында аптап ыстықтан бір тоннадай балық қырылып қалған

Baq.kz

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданының бөлініп қалған су тоғандарынан балықтардың жаппай қырылуы орын алды.

 Облыстық табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі Сапар ТҰРСЫНБЕКОВТІҢ айтуынша, Ақжайық селосына (8-ауыл) жақын маңдағы бөлініп қалған екі су тоғанынан бір тоннадай өлі балық, негізінен мөңке балығы, табылды.

«Қырылу себебі – ыстық аптап салдарынан судағы оттек құрамының азаюы. Су тоғанын өлі балықтардан тазартумен аудандық балық қорғау қызметі мен «Тілекші» балық аулау кооперативінің қызметкерлері айналысуда» деп атап өтті С. ТҰРСЫНБЕКОВ.

Мөңке (лат. Carassius carassius) — тұқы тұқымдасына жататын балық. Қазақстанда Жайық, Жем, Ырғыз, Торғай,Нұра, Ертіс өзендерінің су алабында кездеседі. Өзен, көл тартылғанда, не су қатқанда 70 см-ге дейін су түбіндегі лайға көміліп, қатты суықтан не ыстықтан сақтанады. Ұзындығы 35 – 38 см-дей, салмағы 2 кг-дай. Мөңкенің бүйірі алтын сияқты сары түсті, жүзбе қанаттары қызыл-қоңыр, ал арқасы қара түсті болады. Қабыршағы тегіс. Жыныстық жағынан аналығы 3 – 4, аталығы 2 – 3 жасында жетіледі. Уылдырығын (300 мыңдай) мамыр – маусым айларында су температурасы 17 – 18 °C болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар негізінен зоопланктонмен, зообентоспен және өлексемен (детритпен) қоректенеді. Қорек ретінде өсімдікті сирек пайдаланады. Мөңкенің кәсіптік маңызы бар.

 

Балалардың 66,3 пайызы мектепте зорлық-зомбылықпен кезігеді – В. Калюжный

Baq.kz

Балалардың 66,3 пайызы мектепте зорлықпен кезігеді немесе оған куә болады. Кейде өздерінің де сол озбырлыққа қатысы бар болып шығады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Адам құқығы бойынша ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный мәлімдеді.

– Балалардың 66,3 пайызы мектепте зорлықпен кезігеді немесе оған куә болады. Кейде өздерінің де сол озбырлыққа қатысы бар болып шығады. Соның ішінде балалардың  23 пайызы  жәбір көретіндіктерін айтты. Ал 20 пайызы балалар арасындағы әр түрлі бопсалау, төбелестерден зардап шегеді. Қалған 27 пайызы мұғалімдерден озбырлық көргендер, – дейді Вячеслав Калюжный.

– Негізінен интернатта жатып оқитын балалап көп зардап шегеді екен. Басқа жермен салыстырған ол жерде сабақ беретін мұғалімдер балаларға көп қол көтерді. Ең өкішітісі, бұл қалыпты жағдай болып кеткен. Интернатта істейін қызметкерлердің 40 пайызы мұндай жазалауды қолдайтындарын айтты. Мұндай деректерді біз Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, шетелдік мамандарды тарту арқылы анықтадық. Зерттеу қорытындысы бойынша осындай мәліметке қанығып отырмыз, –дейді ол.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Парламентке «химиялық кастрация» туралы заңды енгізу туралы ұсыныс жасаған еді. Бұл қазір қоғам талқысына түсуде. Мұндай тәжірибе көрші елдерде бар. Мысалы 2013 жылы Қырғызстан Парламенті педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Жогорку Кеңештің жалпы отырысында осындай шешім қабылданып, қазір қолданыста жүр. Сондай-ақ Ресейде де бар. Қазақстанда бұл күнде 150-ден астам педофил бостандықта жүр екен.

0 пікір
Мұрағат