Мұражайдағы ереке Құран кітабы (фото)
Мұражайдағы ереке Құран кітабы (фото)
9 жыл бұрын 5634

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде көлемі 3х2 сантиметр, алтын-күміс түсі аралас металл тысы бар Құран сақтаулы. Қасиетті кітаптың дәл қай жылы басылғаны белгісіз.

Аса құнды бұл жәдігерді музейге 1978 жылы Орал қаласының тұрғыны Биби Жармұханова табыстаған. 1914 жылы дүниеге келген Биби Абдулқызының музейге айтқан мәліметінше, бұл Құран оның анасы Макперузаға (1886 жылғы) тиесілі болған екен. Ал Макперузаға әжесі берген, әжесіне әкесі Меккеден алып келген делінген.

Құранның металл тысына ұлғайтқыш әйнек бекітілген. Қырына алтын жалатылғандай кітапшаның 438 парағы, яғни 876 беті бар.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,
Батыс Қазақстан облысы
(Суретке түсірген – автор)

 

Құранның барлық аяттары жазылған кілем Мәскеу көрмесіне қойылады

muslim.kz

Қасиетті Құран Кәрімнің барлық аяттары жазылған кілем Мәскеу қаласында І Халықаралық Құран фестивалінде жұрт назарына ұсынылады. Айта кетейік, аталмыш өнер туындысын жасауға аттай алты жыл уақыт кеткен көрінеді.

Таза жібектен тоқылған кілемді алты маман алты жыл бойы еш демалыссыз дайындаған екен.

Халықаралық Құран фестивалі мәскеу қаласында 11-17-шілде аралығында өтеді. 

 

Құран Кәрімнің мағыналық аудармасы жарық көрді

Бұл белгілі исламтанушы, аудармашы Ибадуллаев Сәбиттің бірнеше жылғы еңбегінің жемісі. Жұмыс барысында атақты тәпсірлер мен әр түрлі тілдердегі мағыналық аудармалар сараланған.

Оқырманның Құран мәтіндерін қаз-қалпында ұғынуы мақсат тұтылған. Ол үшін қасиетті аяттардың мағыналары мен стилінің өзгеріссіз сақталуы басты назарда ұсталған. Сөздердің мәнін ашатын балама және қосымша мағыналары тік және жай жақшалардың ішінде көрсетілген. Қазақ тілінің бай сөздік қоры кең қолданыс тапқан. Аударманы редакциялауға араб, қазақ тілдерінің білгірлері мен жетекші діни мамандары ат салысқан.

Жұмыс діни және тілдік сараптамалар тарапынан оң бағаға ие болуда. Осы еңбек халықтың ыстық ықыласына бөленеді деп сенеміз. Көзі қарақты, ізгі ойлы оқырманның қасиетті аяттар туралы діни пайымы мен таным көкжиегін кеңейтуге сеп болады деп ойлаймыз. 

Алла Тағала осы ізгілікті істің авторына мол сауаптан жазсын!

0 пікір
Мұрағат