|
Елімізде 1,5 млн шетелдің адамына еңбек етуге рұқсат берілген
|
Соңғы 3 жыл ішінде еліміздің ішкі істер министрлігі Қазақстан аумағында 1,5 млн шетелдік жеке тұлғалаларға еңбек етуге рұқсат берген. Бұл жайында «Казинформ» ақпарат агенттігі ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Еліміздегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай шетелдік азаматтардың үлкен ағынын тартуда. Тек соңғы 3 жыл ішінде ішкі істер органдары еңбек иммигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларға жұмыс істеуіне рұқсат берген әрі жұмыс істеу мерзімін ұзартқан. Еңбек иммигранттарының саны, әсіресе, күз бен жаз мезгілдерінде артады»,- деп айтылған аталмыш министрлік таратқан хабарда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді