Елімізде атеистер қарасы азайды - Статистика
Елімізде атеистер қарасы азайды - Статистика
7 ай бұрын 956 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: kseniia_ph

Қазақстандықтардың шамамен 70%-ы мұсылман. Бұл дерек Қазақстан республикасының ұлттық статистика бюросы жариялаған 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамына қатысты тақырыптық жинақта келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Исламды ұстанатын халықтың үлесі санақтан санаққа дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалды деуге болады - 69,3%, христиандар қарасы – 17,2%, буддизм және иудаизмді ұстанушылар саны – 0,1%-дан аз болды», – делінген Ұлттық статистика бюросының Telegram-каналында жарияланған хабарламада. Санақ мәліметіне сәйкес Қазақстандағы дінге сенбейтіндердің үлесі 2021 жылы 2,8%-дан 2,3%-ға дейін төмендеген. «Соңғы санақтың қорытындысы бойынша респонденттердің 11%-ы қандай да бір дінге жататынын көрсетуден бас тартқан. Ал 2009 жылы бас тартушылардың үлесі небәрі 0,5 пайызды құраған», - деп атап өтті бюро. Бұған дейін Қазақстанда тұратын негізгі 5 ұлт аталған еді: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар мен ұйғырлар.

0 пікір
Мұрағат