|
«Харекет» қоры тағы бір отбасына қуаныш сыйлады
|
Ақтөбе қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі Манас Қалмағанбетовке «Харекет» қоры үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп жазады Aktobenews.kz.
Бұған дейін аталмыш қайырымдылық қоры қазақстандық 65 отбасыға үй берген. Қор жұмысы «1000 теңгеге баспана» ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді. Бұл жолы Ақтөбе облысы бойынша беріліп жатқан төртінші үй І топ мүгедегі Манас Қалмағанбетовке бұйырды. Отбасында сырқаттанған екі баласы бар әке осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ол қиын кезде қолын созған қор ұжымына жүрекжарды тілегін айтып, алғысын жеткізді. Айта кетейік, үш бөлмелі пәтер Ақтөбе қаласынан берілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ