«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ www.rail-travel.kz порталы ktjportal атты ұялы телефон байланысына арналған қосымшасын жасап шығарды. Ол арқылы жолаушылар тасымалына қатысты компания ұсынатын толық ақпараттар мен электронды теміржол билетін сату қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
|
Қазақстанда пойызға билет сататын мобилді қосымша жасалды
|
Пайдаланушы жолаушы пойызға билет алудың электрондық және электрондық тіркелусіз билет алу, бос орын болмағанда күту парақшасынан орын алуға, бұрын сатып алынған билетті қайтару туралы ақпараттармен таныса алады.
Жолаушы станциядағы пойыз кестесін біле алады. Дисконт картасын пайдалануға, бір тапсырыспен-ақ екі бағыт бойынша да билет ресімдеуге, таңдаған бағдарындағы жолаушылар вагонының сапасы туралы ақпарат алуға болады.
Оның сыртында, пайдаланушы пойыздағы қызмет көрсету мен вагон сапасын бағалауға мүмкіндік алады. Жолаушылар www.rail-travel.kz порталын пайдаланып және оның жаңа қосымшасын iPhon және Android операциялық жүйелері арқылы тәуліктің кез келген мезгілінде жүктей алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді