80 жастағы Маргарита әжей Ислам дінін қабылдады
80 жастағы Маргарита әжей Ислам дінін қабылдады
9 жыл бұрын 3732 ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Ұзынкөл ауданындағы "Балықты" мешітінде осындағы барша жұртты елең еткізген оқиға орын алды. Ол әрине, 80 жастағы Маргарита Ивановнаның шын ниетімен Ислам дінін қабылдауы еді.

Ол енді бұдан былай өзін Әсел Иванқызымын деп атайтын болды. Әрине, оның бұл қадамы өте құптарлық. Осы жасқа дейін өзі қабылдаған діннің тазалығына, адамзатты тек қана ізгілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа үндейтіндігін ұққан-ды.

Ауданның бас имамы Есенгелді қажы да өңірдегі аса сыйлы әжейдің бұл әрекетін күллі мұсылмандығымыз бен дінімізге ерекше құрмет деп түсініп, оның иығына ежелден келе жатқан салтымыз бойынша камзол жауып, басына тағатын орамалды сыйға тартты.

Енді осы оқиға еліміздегі барша әлі де болса өз салты мен дәстүріне үрке қарайтын кейбір қандастарымызға үлгі-өнеге болса игі еді.

1 пікір
Мұрағат