АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ «КӨРІКТІ МЕШІТТЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ «КӨРІКТІ МЕШІТТЕРІ» АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)
8 жыл бұрын 5469 muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрге айналып келе жатқан үрдіс бойынша биылғы көктем маусымында еліміздің мешіттері арасында Республикалық деңгейдегі «Көрікті мешіт-2016» атты тазалық бәйгесін жариялаған болатын. Елуге жуық мешіті бар әсем қала Алматыда мешіттер арасында іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Діни басқарма тарапынан қойылған шарттарға сәйкес қаламыздағы мешіттер арнайы құрылған комиссия арқылы қадағаланып, сәні мен сәулеті жарасқан көрікті 3 мешіт таңдап алынып, төмендегі орындарды иеленді:

1-орын: Бостандық ауданы «Бәйкен» мешіті

2-орын: Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешіті

3-орын: Алатау ауданы, «әл-Азим» мешіті

Аталған мешіттер енді Республикалық деңгейдегі «Көрікті мешіт-2016»  бәйгесіне жолдама алады. Ал, Республика көлеміндегі ең көрікті 3 мешіт алдағы күндері ҚМДБ бекіткен комиссия тарапынан анықталатын болады.

Бостандық ауданы «Бәйкен» мешіті

Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешіті

Алатау ауданы, «әл-Азим» мешіті

 

1 пікір
  • Елімізде сәулетімен де, тазылығымен де, жамағымен де көрікті мешіттер көп болғай! Алла тағала елімізді, жерімізді бәлекеттен, фитнадан, қауіп-қатерден сақтасын! Көк аспанымыз ашық болсын, жер-жерде азан айтылып, бейбітшілікте жаратқан Иемізге құлшылық қылу нәсіп болсын!
    8 жыл бұрын
Мұрағат