ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КОНДИТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ БІРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КОНДИТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ БІРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
3 жыл бұрын 1663 halaldamu.kz

Еліміздегі ең ірі кондитерлік  желілердің бірі – "Тәп-тәтті" өнімдері "QMDB halal" сертификатына ие болды.  Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 цехы мен 11 сату дүкені "Тамақтандыру қызметтері" және "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. Діни басқарманың қара шаңырағына арнайы келген "Тәп-тәтті" кәсіпорнның өкіліне "QMDB halal" сертификатын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Тәп-тәтті  кондитерлік кәсіпорны 2008 жылы құрылып, 2009 жылы өз өнімдерін сатумен айналыса бастады. Әуелгіде 6 адам қызмет етсе, қазір 300-ден астам қызметкерді жұмыс орнымен қамтуда. Өндірісте көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби кондитерлер мен көптеген жас мамандар қызмет атқарады. Кондитерлік өнімдер ешқандай  дәм күшейткішсіз, алмастырғышсыз, табиғи әрі балғын өнімдерден дайындалады. Өндіріс орнында  жаңа технологиялар мен заманауи құрылғылар қолданылады", –  деген Айбек Асқарбекұлы "Тәп-Тәтті" кондитерлік өнімдерінің "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталуы – күллі халал өнім тұтынушыларды қуантқандығын жеткізді. 

"Тәп-тәтті" кондитерлік желісінде аудит және сертификаттау шараларын орындаған бас сарапшы-технолог Айжан Қалмаханқызы: "Тәп-тәтті" кондитерлік желісінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 цехы мен сауда орындарты толықтай тексерістен өтті. Тиісті өнімдерге лабораториялық сынақ жүргізілді. Жасалу технологиясына және  жұмсалатын шикізат көзіне орай кондитерлік өнімдер – қантты және ұнды болып бөлінеді. "Тәп-тәтті" кондитерлік кәсіпорны ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді ұсынады. Бұл өндіріс орнының өзгелерден басты ерекшелігі – табиғи, таза шикізаттарды ғана қолдануы.  Сондықтан еш күмәнсіз "Тәп-тәттінің" тәтті әрі халал өнімдерін тұтына беруге болады" – деді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тәп-тәтті" кондитерлік өнімдерінің толықтай тексерістен өткендігін, "Халал Даму" бекіткен халал стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат