|
Мешіт бақшасы өнім бере бастады (фото)
|
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің қызметкерлері биыл мешіт ауласындағы шамамен 50 шаршы метр жерді бақша орнына пайдаланды.
Онда қияр, қызанақ, асқабақ, аскөк, пияз, картоп, баклажан, түрлі түсті қырыққабат, тәтті бұрыш секілді түрлі көкөністер егілді. Бақша - қазандық қызметкерлерінің қарауында. Күнара суарылады. Тіпті суық күндері жас өсінділерді жауратпас үшін, үстіне түрлі жабынды жабылып, кәсіпқой бағбандардікіндей күтім жасалды. Соның арқасында бүгінде бақша дақылдары біртіндеп өнім бере бастады. Қияр жемісін беріп, «алып» асқабақтар да өсуде.
Бақша өнімдері асхананың қажеттілігіне, күнделікті ас әзірлеу кезінде пайдаланылмақ. Сондай-ақ, қыстың қамын қылып, түрлі салаттар әзірлеуге де қолданылмақ.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Саудияда «Жаңа мұсылман» деп аталатын жаңа цифрлы карта іске қосылды
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады