Миғраж түні құрметіне Құран жарысы өтті
Миғраж түні құрметіне Құран жарысы өтті
8 жыл бұрын 3307 Ihsan.kz

Қасиетті Миғраж түнінінің құрметіне Саран қалалық мешітінде тәлім алып жатқан шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Саран қалалық мешіттің бас имамы Мұхамедқали қажы Салықтегі  мен мешіттің ұстазы Рысбай Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен өткен шараға 8-32 жас аралығындағы шәкірттер қатысты. Мешітке келетін шәкірттерден іріктелініп алынған 10 сайыскер Құран сүрелері мен тәжуид ережелерінен бақ сынасты. Жарыс барысында оқ бойы озық келіп, жүзден жүйрік болып 10 жасар Ышық Асадулла бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі орын алған шәкірттерге Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы атынан алғыс хат пен Құран кітабы сондай-ақ, қосымша діни кітап және қаржылай  сыйлық табыс етілді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей алғысжеңімпаздарға хаттарды табыс етіп, жамағатты қасиетті Миғраж түнімен құттықтады. Жас шәкірттерге сауат ашуды еш тоқтатпай, елдің елеулі азаматтары болуды тіледі.

Саран қалалық мешітінде бүгінде 35 шәкірт сауат ашу курсын оқып жатыр. Солардың басын қосып, ұстаз Асыл Көкешұлы ақшам намазынан кейін Миғраж түнін құрметпен қарсы алды. Миғраж түнінің қасиеті жайлы, ол түні болған оқиға туралы айтылып, араб тілінен қазақшаға хадистер аударылды. Ислам дінінде Миғраж түнінің алар орны ерекше. Алла Тағаламен кездесу құрметіне ие болған Мұхаммед пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтылды. Мешіт жамағаты жиналып нәпіл намаздар оқып, жасөспірімдерге дастархан жайды.


1 пікір
Мұрағат