«SilverBio» дезинфекциялық өнімдері және тағы бір кәсіпорын сертификатталды
«SilverBio» дезинфекциялық өнімдері және  тағы бір кәсіпорын сертификатталды
2 жыл бұрын 1352 halaldamu.kz

«KazNetwork» кәсіпорнының «SilverBio» дезинфекциялық өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дезинфекциялық өнімдер «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.

«KazNetwork» кәсіпорында сертификаттау жұмыстарын жүргізген технолог маман Айзат Ермекқызы: «SilverBio» өнімдері табиғатта кездесетін бактериялармен күресуге арналған тазартушы препараттар. Бұл өнімдер инфекциялық микробтардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі. «SilverBio» дезинфекциялық өнімдеріне лабороториялық сынақ жүргізіліп, толықтай тексерістен өткендігін және кәсіпорын өнімдері бекітілген халал стандарты талаптарына сай», – деп хабарлады.

Қарағанды: "Parapa pizza" дәмханасы сертификатталды 

Қарағанды қаласындағы "Parapa pizza" фаст-фуд дәмханасы "QMDB Halal" сертификатына ие болды. "Халал Даму" мамандарының қатысуымен дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, "Қоғамдық тамақтандыру қызметтері" стандартына сай екендігі анықталды.

"Ревизорлық бақылау барысында шикізаттары мен тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы, аспаздар мен қызметкерлердің халал тәртіптерін орындауы назарға алынды. Халал өнім өндіру технологиясы мен ерекшеліктері, шариғат талаптары турасында толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - дейді технолог Айзат Ермекқызы.

"Parapa Pizza" дәмханасыгың мекен-жайы: Қарағанды қ., Космонавтов көшесі, 1В, ТГ "Таир" фуд-корд 2 және 4 этаж.

0 пікір
Мұрағат