|
Роналду 2,56 метр биіктен гол салды (видео)
|
Туриндік «Ювентус» Италия чемпионатының 17-ші турында сырт алаңдағы матчте «Сампдорияны» ұтты. Генуяда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқтады. «Ювентус» сапында Пауло Дибала (19-шы минут) және Криштиану Роналду (45-ші) гол салды. Ұтылған командада Джанлука Капрари 35-ші минутта гол соғып, кейін екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал Роналду жеңіс голын соққанда 71 сантиметр жоғары секірді. Допты тепкен сәтте португалиялық ойыншы жерден 256 сантиметр биіктікте болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Тағы бір араб елі шетелдік компанияларға жұмыс орындарындағы жергілікті халықтың үлесін 80 пайызға жеткізуді талап етіп қойды
■
Индонезияның ислами қаржы саласындағы толағай табысы