Америкалықтардың Айға ұшпағандығын дәлелдейтін 10 айғақ
10 жыл бұрын 4151

Америкалықтардың 1969 жылғы айға сапарының рас-өтірігі жайында әлі де дау көп. Біреулер өтірікке баласа, енді біреулер бұған имандай сенеді. Соңғы сауалнамаларға сенсек, америкалықтардың 20 пайызы Айға әлі ешкімнің аяғы тимегендігіне сенеді екен. Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл Американың ғарыш бәсекелесі Ресейге қарсы ойлап тапқан өтірігі-міс. Сол үшін кейбір адамдар мұның жалған екенін дәлелдеуге тырысып, түрлі айғақтар тартқан. Соның ішінен іріктеп сіздерге америкалықтардың айға ұшпағандығын дәлелдейтін он айғақ келтіріп отырмыз. Бұған сену-сенбеу, әрине, әркімнің өз еркінде.

8 пікір
  • Американдықтардың айға бармағандығына дәлелге қарсы дәлелдерді бір газеттен оқыған едім бұрын. Барлығы есімде қалмапты, тек ту туралысы қалған: Байқаған болсаңыздар (1-және 6-суреттерде) тудың тек астыңғы бөлігі "желбіреген" күйде, ал ең үстіңгі бөлігі қазыққа 90 град. бұрышпен тұр. Американдықтар айда ауаның жоғын білмейтін, туларын желбіретіп қоятын сонша ақымақ емес, керісінше, ауаның жоқ екенін білгендіктен тулары көрініп тұру мақсатында оның үстінен шток бекіткен, сондықтан оны желбіреген емес, "Г" әрпінде жазылған деп қарастырған жөн.
    10 жыл бұрын
  • http://www.skeptik.net/conspir/moonhoax.htm - айға барғандығы жайлы дәлелдер.
    10 жыл бұрын
  • ИӘ, олардың г тәрізді жасағаны түсінікті. Бірақ видеодан сонда да астыңғы жағынып желбіреп тұрғаны байқалады.
    10 жыл бұрын
    • Ассалаумағалейкум, Салтан. Жауап жазғаныңызға өте қуаныштымын, мен кезінде Қарағандыдағы "Дарын" мектебінде сізден бір сынып төмен оқыған едім. Алдыңғы жазбадағы сілтемеде осы мәселеге байланысты да айғақтар келтірілген. Ол желден емес, сол туды ұстап тұрған адамның қозғалтуынан. Айда ауа болмағандықтан, онда қандай-да бір затқа әсер етілсе ол толқындық қозғалыста бірнеше уақыт болады, өйткені оны бәсеңдететін ауаның кедергісі болмайды. Менің айтпағым, жалпы, мен Американдықтардың айға барғанына сенемін. Анығын бір АЛЛА біледі.
      10 жыл бұрын
  • Bul narsenin bari sandyrak sekildi. Oitkeni kazirgi tehnologialardyn kushi bugan jetedi. Al tudyng jelbiregeni bolsa, onda Aida Libracia degen kasiet bar. Yagni ulken intervalda dirildeidi. Sol narse tudyng jelbiregenin tusindiredi. Al aldagan deitin bolsanyzdar adamdar tipten keibir effectterding aida kandai bolatynyn dal aityp bere almaidy. Sebebi practicaga kelgende unemu auytkushykyktar bolady. Al NASA jetkizgen akparattardyn barlygy shyndykka abden janasady. Tipten, kazirgi sputnikter aida jurgen adamdardyn ayak izderin suretke tusirip algan....
    9 жыл бұрын
  • ассаляму аляйкум! мен өз басым адамдардың айға қонбағанына сенемін. жоғарыдағы пікірлерде тек ту мәселесі ғана көтеріліп отыр, ал басқа тоғыз дәлелдер де келтірілген ғой. жұлдыздардың жоқтығын мен оқымай тұрып байқадым. жұлдыздар ешқайда көшіп жүрмейді ғой. олар күндізде орнында тұрады емес пе, тек күннің сәулесінің әсерінен көре алмаймыз. логикалық тұрғыдан алсақ та 1961 жылы гагарин әзер дегенде космосқа ұшты, ал 1969 жылы, яғни бар жоғы 8 жылдан кейін американдықтардың айға қонуы ақылға сыймайды. ол кездері "суық соғыс" болды, сондықтан екі держава бір бірімен жарысты. егерде шынымен қонған болса, 45 жылдың ішінде адамзат баяғыда айға қоныстанып, әрлі-берлі көшіп жүрер еді. сөзімді қортындылайтын болсам, адамдардың айға қонып-қонбағанынан бізге келіп кетер пайда да зиян да жоқ, сондықтан бұған бола сөз таластырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. ал кім пайдасыз шындықты білгісі келсе, иншАллаһ қытайлардың айға ұшатын кезін күтсін.
    9 жыл бұрын
  • Саламатсыздар ма? Анау жерді көрдіңіздер ма? Компьютермен көріңіздерсей. Жерді программа арқылы қиып фотоға орналастырғаны анық байқалады. Содан соң, анық көк түстің үстіне қара түсті бейне қиып орналастырылған.
    9 жыл бұрын
  • Саламатсыздар ма? Анау жерді көрдіңіздер ма (7-суретте)? Компьютермен көріңіздерсей. Жерді программа арқылы қиып фотоға орналастырғаны анық байқалады. Содан соң, анық көк түстің үстіне қара түсті бейне қиып орналастырылған.
    9 жыл бұрын