Махаббат мешіті
9 жыл бұрын 5182

Қызғылт мешіт немесе Димауком мешіті (Masjid Dimaukom), 2013 жылы Филиппин елінің Магинданао провинциясында Рамазан айының басында ашылды.

Провинция басшысы махаббатты, бейбітшілік пен бірлікті білдіретін түс ретінде қызғылт түсті таңдапты. Сонымен қатар, оның әйелінің де сүйікті түсі осы екен. 

Провинция мэрінің тапсырмасымен тек бұл мешіт қана емес, сонымен қатар полиция бөлімшелері, базарлар т.б. мекемелердің ғимараттары қызғылт түске боялған. 

Бір қуантарлығы бұл мешіттің тұрғызылуына мұсылмандармен қатар, өзге дін өкілдері де атсалысқан. 

2 пікір