Қасиетті Әл-Ақсаның Израильдің қолына өтіп жатқан кезіндегі көріністері
10 жыл бұрын 2900

Бұл суреттер 1967 жылғы тарихта «Алты күндік соғыс» деген есіммен танылған Араб елдері мен Израиль арасындағы соғыста израилдіктердің жеңіске жетіп, Құдысты алып, Әл-Ақса мешітіне басып кірген сәттен көріністер. Бұл фотолар қаншама жылдан кейін енді ғана алғаш жарияланып отыр.

Мұсылман мемлекеттерінен Мысыр, Сирия, Йордания, Ирақ, Алжир т.б. қатысқан бұл соғыста Израильдің айы оңынан туып, жеңіске жетеді. Соның нәтижесінде Израиль өзінің жер көлемін 4 еседей кеңейтіп алады. Яғни, Синай түбегі, Газа секторы, Йордан өзенінің батыс жағалауы, Шығыс Құддыс, Голан жотасы израильдіктердің қолына өтеді.

Міне, бұл суреттер яһудилердің мұсылмандардың алғашқы құбыласы болған Қасиетті Әл-Ақсаны басып кірген сәттегі көріністер. "Әл-Ақса мешіті қоры" бұл суреттерді 47 жыл өткеннен кейін ғана жариялап отыр. 

2 пікір
  • Қайран Газа, Газа,
    Қайғырып тұтамын аза.
    Тəңірім Əділ ғой жөйттерге,
    Тшбінде береді жаза!
    10 жыл бұрын
    • Қайран Газа, Газа,
      Қайғырып тұтамын аза.
      Тəңірім Əділ ғой жөйттерге,
      Түбінде береді жаза!
      10 жыл бұрын