Хайыз кезінде "тәжуид" қағидаларын оқуға бола ма?
Хайыз кезінде "тәжуид" қағидаларын оқуға бола ма?
11 ай бұрын 1980

Ассаляму алейкум! Хайз кезде тәжуид қағидаларын үйренуге бола ма? Әр ережеде Құран аяттарынан бір екі сөзі болса, оқуға бола ма?  Дияна.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Хайыз кезінде «тәжуид» қағидаларын оқып үйренуге болады, оның күнәсі жоқ. Ал, мысал ретінде берілген Құран аяттарын толық оқымай, аяттағы әр сөзді бөліп-бөліп оқуға болады немесе өзіңіз айтқандай, дәл сол ережеге сәйкес берілген сөздің өзін ғана оқыса болады.

Мәселен, «мәдд ләзімге» мысал ретінде « الضَّالِّينَ »« الْحَاقَّةُ деген сөздер берілген болса, хайызды әйел кісіге бұларды жеке сөз ретінде оқудың ағаттығы жоқ. Ханафи ғұламасы Имам Кәрһи (рахимаһуллаһ) хайыз кезінде аятты үзіп-үзіп, сөздерді бөліп-бөліп оқыса болады деген[1]. Бірақ бір ескеретін жайт: Хайыз кезінде мешітке кіруге болмайды, одан басқа медресе, университет сияқты оқу орындарына кіруге болады немесе мешіттегі сабақтарға онлайн қатысуға болады. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] «әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания». 1\251 бет.

Абдусамат Қасым