Сәлеметсіздер ме! Тамырдан ұстап диагноз қоятын дәрігерге баруға, оған сенуге бола ма? Ботагөз.
|
Тамыр ұстаушыға баруға бола ма?
|
Сәлеметсіз бе!
«Тамыр ұстау» немесе медицина тілімен айтқанда «тамыр диагностикасы» - медицинада бар тәсіл. Бірақ, кейбір медицина мамандарының айтысына қарағанда тамыр диагностикасы арқылы қойылған диагноз әрдайым дұрыс шыға бермеуі мүмкін, сондықтан да, қосымша тексерістен өткен дұрыс.
Ал, шариғи тұрғыда айтар болсақ, тамыр ұстау арқылы ауруды анықтау ісі, егер тәжірибе мен біліктілікке сүйенетін дәрігер тарапынан жүзеге асып жатса, оған барып тексерілудің ағаттығы болмас. Ал, тылсым әлеммен байланысы бар, «аталарым», «әруақтарым білдіреді» дейтін тәуіп, бақсылар тарапынан жүзеге асырылатын болса, бармаған дұрыс. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?