Исламда мұрын тесуге (пирсинг) бола ма?
Исламда мұрын тесуге (пирсинг) бола ма?
7 жыл бұрын 15826

Ассаләму алейкум уа рохматуллахи Уа баракятух!! Исламда мұрын тесуге бола ма (пирсинг)? Гүлсезім

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламда әйел кісілердің құлақ тесіп, сырға тағуларына рұқсат. Сырға тағу әдеті сонау Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) әйелі Сарадан бастау алады деседі. Оның үстіне, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында да әйел кісілер сырға тағатын[1].   

Мұрынды тесу мәселесіне келер болсақ, мұны жергілікті менталитетті негізге ала отырып анықтаған жөн дейді кей ғалымдар. Мысалы, Ханафи ғалымы Ибн Ғабидин р.а. (1784-1836 ж) былай деген:

«Мұрын тесу кейбір жерлердегідей әйелдердің әшекейлену әдеттерінен саналатын болса, онда ол да олар үшін құлақ тескенмен тең»[2].

Ендеше, мұрын тесу діні бөтен әйелдерге еліктемей (мысалы, үнді әйелдеріне), тек жергілікті мұсылман әйелдердің әшекейлену әдебі ретінде қаралғандықтан ғана жасалып жатса, оған рұқсат деуге негіз бар. Алайда, біздің қоғамда мұрын тескендер бірен-саран кездесіп жатса да, жалпы қоғамда соның ішінде қазақ салты мен менталитетінде мұрын тесіп, сырға тағу әдеті жоқ. Сондықтан да, лаж болса ондай әрекетке бармаған жөн.


[1] Сахих Бұхари: Китабун никах - №4951 хадис.
[2] Хашияту Ибн Ғабидин - 9/602 бет. 

Абдусамат Қасым