Алланың құдіретінің шексіздігін қалай білуге болады?
Алланың құдіретінің шексіздігін қалай білуге болады?
3 жыл бұрын 5400

Алланың құдіретінің шексіздігін дәлелдеу үшін, қайда, кімге барып кеңесе аламын?

Құрметті сауал жолдаушы, Алланың құдірет-күшінің шегі жоқ екендігі даусыз.  

Алланың құдіретінің шексіздігін аспан әлеміне қарап ұғынуға болады. Мәселен, аспан әлеміне қарайтын болсақ, аспан әлемінде ғылымның әлі нақты бір санына жете алмаған миллиардтаған галактикалар бар. Соңғы болжамға қарағанда галактикалардың саны жүздеген миллиардқа жетеді екен. Әр галактикада миллиардтаған жұлдыздар қамтылған.  

Осынша галактиканың ішіндегі біздің галактика «құс жолы» галактикасы деп аталады (млечный путь). Біздің галактиканың өзінде 200-400 миллиард жұлдыз орналасқан.  

Галактикалардың көлемін анықтау үшін ғалымдар жарық жылын қолданады (световой год). Осы есеппен Галактикалардың көлемін есептегенде, әрқайсысы - 16 мың жарық жылынан бастап, 800 мың жарық жылына дейінгі мөлшерді қамтиды. Мәселен, біздің галактикамыздың көлемінің өзі 100 мың жарық жылына татиды дейді ғалымдар. (1 жарық жылы – біздің жылмен есептегенде шамамен 63242 жылға тең).

Ал галактикалардың арақашықтығын айтудың өзі қорқынышты. Мысалы, «Боде» галактикасының бізден алыстығы 12 миллион жарық жылына тең деседі. Бұл деген, адам ақылына сыймайтын мөлшер. Біз үшін шексіздік.

Ал енді адам ақылы шегіне жете алмайтын аспан әлемін жаратқан Жаратушының құдірет-күшінің шексіздігін өзіңіз топшылай беріңіз. 

Абдусамат Қасым