«Жәннат аналарының табанының астында» деген хадис жоқ дейді. Сол рас па?
«Жәннат аналарының табанының астында» деген хадис жоқ дейді. Сол рас па?
6 жыл бұрын 13128

Ас саляму алейкум! Сұрақ: «Жәннәт аналарыңның табанының астында» деген хадис «тоқыма» деп жатыр. Соны шешіп берсеңіз? Айдын Тұрысбек

 

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ол жайында айтылған «сахих хадис» бар. Жәһимә дейтін бір сахаба Пайғамбарымызға келіп: «Я, РасулаЛла! Мен де жорыққа аттанғым келеді. Сізден кеңес сұрай келдім», - дейді. Сонда Алла Елшісі: «Анаң бар ма?», - деп сұрайды. Ол: «Иә», - деп жауап береді. - «Анаңа қара. Шынында пейіш – оның аяғында», - деп айтады Пайғамбарымыз (с.а.у.)[1].   

Хадисші әл-Хәким ән-Нисабури бұл хадиске «келу жолы (иснәд) сахих» деп баға берген[2].  

Ал, «жалған хадис» дейтіндері аталмыш хадистің Мұса ибн Мұхаммед ибн Ъата есімді риуаятшы арқылы келген нұсқасына қатысты екендігі айтылады деректерде. Ол нұсқада «жәннәт аналардың аяқтарының астында» деп келтірілген. Әрбір хадисті жекелей тұрғыда талқылай келе хадис білгірлері аталмыш риуаятшы арқылы жеткен осы нұсқасына «жалған хадис» деп баға бергенімен, оның жоғарыда келтіріп өткеніміздей, басқа да «сахих иснадпен» келген нұсқалары жоқ емес.


[1]Имам Ахмад: мүснәд. №15110 хадис; Ибн Мәжә: Сүнән; Нәсәи;
[2] Әл-Хәким: әл-Мүстәдрәк. №7330 хадис; Алиюль Қари: Мирқат - №4939 хадис. 

Абдусамат Қасым