«Қара касса» ойнауға бола ма?
«Қара касса» ойнауға бола ма?
6 жыл бұрын 14059

Сұрақ: Кейде қаражаттан қысылғанда бірнеше адам қосылып, ортаға ақша тастап, «қара касса» ойнаймыз. Бұл шариғатқа қайшы емес пе?

Сұрақ: Әссәләмуғалейкум! Құрметті мешіт ұжымы. Менің 30000 теңге қарызым бар. Егер, мен «черный касса» ойнап, сол қарызымнан құтылсам бола ма? Рақмет, Алла разы болсын! Венера.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мұндай ойын түрін көпшілік мамандар шариғатқа теріс емес дейді. Себебі, бұл ойында харам дейтіндей өсім жеушілік жоқ. Мұнда өсімсіз қарыз беру жүйесі жұмыс істейді. Яғни, ортаға тасталған ақша кезекпе-кезек барлығына беріліп шығады. Кезегі келген адам, бірнеше ай бойы беріп келген қарыздарын кері қайтарған болады. Бұл жерде басты мақсат – өзара жәрдемдесу[1]. Құран Кәрімдегі: «Жақсылық пен тақуалықта өзара жәрдемдесіңдер», - деген аятқа сай[2].


[1] Проф.Доктор У.Зухайли, Фатауа Муғасыра – 126, 155 бет. Дамаск; Проф. Доктор Хисамуддин бин Ғафана – 1/156-157 бет. 
[2] Мәида сүресі, 2 аят.
Ескерту: Жоғарыда ұсынылған материал 2013 жылы muslim.kz сайтында жарық көрген жазбамның қайта жарияланған түрі.

Абдусамат Қасым