Жәннәтта ерлер сақалды бола ма?
Жәннәтта ерлер сақалды бола ма?
9 жыл бұрын 8027

Жәннәтта ерлер сақалды бола ма?

Нұрлыбек Сабырғалиев

Сахаба Әбу Хурайрадан келтірілген бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген:

«Жәннәт иелерінің денесінде ешқандай қыл  болмайды. Және олар сақалсыз, қарақат көзді, мәңгі жас, үстеріндегі киімдері ескірмейтін болады». (Тирмизи-№2539. Хадис хасан.).

Тағы бір хадисте былай делінеді:

«Жәннәт иелері жәннәтқа денелерінде ешқандай қылсыз, сақалсыз, ақ өңді, шашы толқындай бұйра, қарақат көзді, отыз үш жаста болған күйі кіреді. Бойлары Адам ата жаратылғандағы бойы сияқты алпыс зираъ болады (бір зираъ - 50-66 см. шамасы)». (әл-Һәйсәми, Мәжмәъуз Зәуәид - №18658. Хадис - хасан).

Пейішке кірген ер кісілердің сақалы болмайтындығын аталмыш хадистерден ашық аңғарамыз.

Осы орайда, сахаба Абдулла ибн Мәсъудтан жеткен бір «әлсіз хадисте»:

«Жәннәт иелері - қылсыз әрі сақалсыз. Тек қана, Мұсаның (ғ.а.) ғана кіндігіне жететін сақалы болады», - делінген. (Ибн Мұхаммед әл-Ғази, әл-Итқан. Хадис – әлсіз).  

Дегенмен, бұл хадистің дәрежесі әлсіз болғандықтан жәннәтта Мұса пайғамбардың сақалы болады деп нақты айту қиын. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

 

Абдусамат Қасым