Мешітті "Алланың үйі" десек, жаратқанға мекен берген болмаймыз ба?
Мешітті "Алланың үйі" десек, жаратқанға мекен берген болмаймыз ба?
9 жыл бұрын 9501

«Мешіт – Алланың үйі» - десек, жаратқанға мекен берген болмаймыз ба?

Жадыра Алданияз. 

Құрметті Жадыра, бір нәрсені жаратушымызға тіркестіріп, оған тиесілі етіп айтқан сөздер Құран Кәрімнің бірнеше жерінде кездеседі. Бұл сол нәрсенің маңыздылығын, ұлықтығын көрсетіп, қасиеттілігіне ерекше назар аударту болып табылады. Мысалы: «НақатуЛЛаһи» - Алланың түйесі[1]; «НураЛлаһи» – Алланың нұры[2]; «СыратиЛләһи» - Алланың жолы[3].   

Құран Кәрімде:

«Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уәде алғанбыз», - делінеді[4].

Сондай-ақ, хадисте:

«Мешіттер – Алланың жер бетіндегі үйлері»[5], - деп келеді.

Осы жерде «Алланың үйі» деген сөз Аллаға мекен бергендік емес, сол мешіттің маңыздылығына, қасиеттілігіне назар аудартып, оның діндегі орнын, абыройын көрсету болып табылады.


[1] Аъраф сүресі, 73-аят.
[2] Тәубе сүресі, 32-аят.
[3] Шура сүресі, 53-аят.
[4] Бақара сүресі, 125-аят.
[5] Табарани, ибн Масъудтан риуаят етілген. 

Абдусамат Қасым