Қабір басында артылып қалған кірпіштерді қолдануға бола ма?
Қабір басында артылып қалған кірпіштерді қолдануға бола ма?
1 жыл бұрын 16092

Әссалмуғалейкум! Қабыр басында артылып қалған кірпіш пен кесектерді не істеуге болады? Алып қолданса бола ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қабыр басында артылып қалған кірпіштер, шындап келгенде сол қабірде жатқан мархұмның туған-туыстарының меншігі. Сондықтан да, ол кірпіштерді қолдану үшін алдымен туыстарынан рұқсат сұраған жөн, рұқсатсыз алуға болмайды. Алайда, жергілікті халықтың әдет-ғұрпында қабірдегі затты (үйге емес) сол қабірстанның пайдасына немесе өзге мархұмның қабіріне қолданылсын деген ниетпен қалдырып жататын әдет бар болса, онда біреудің қабірінен артылған кірпішті сол зират ішінде қолданудың күнәсі болмас, мысалы, қабірдің ішкі үйін (ләхиқ) жабу үшін өзге қабірден артылған кесек кірпіштерді қолдану деген сияқты. Ал ондай әдет болмаса, кірпіштің егесінен рұқсат сұраған жөн. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Осы орайда айта кетелік, ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) мұсылман зиратына қатысты белгілі тәртіп бекіткен болатын, ол тәртіп бойынша қабір тапталып, аяқасты болмауы үшін қабірстан тұтас қоршалуы тиіс, одан кейін тұтас қоршалған зираттың ішіндегі қабірге жеке мазар тұрғызып, қоршау қоюдың қажеті қалмайды. Бұндай шара өз кезегінде елімізде бақталастыққа айналып бара жатқан мазар тұрғызу жарысын да тежейтіні анық. 

Абдусамат Қасым