«Құда қаласа» деп айту қаншалықты дұрыс?
«Құда қаласа» деп айту қаншалықты дұрыс?
9 жыл бұрын 15603

Әссәләмуғалейкум! «Құда қаласа» деп айту қаншалықты дұрыс? Құда-құдағи қаласа дегенге жатпайды ма?

Ерасыл.

Уағалейкум әссәләм, Ерасыл!

Қазақ тіліндегі «Құда» немесе «Құдай» сөздері негізінен алып қарағанда парсы тілінен енген. Екеуінің де мағынасы «Жаратушы Құдірет Иесі» дегенге саяды. Дәлірек айтқанда, «Құда» сөзі парсы тіліндегі «خدا-Худа (тәңір)» сөзінің, ал, «Құдай» - «خدای-Худай (тәңірім)»  сөзінің қазақша үлгісі.

Одан әрмен тереңдей түсер болсақ, қазақшадағы «Құда» да,  парысшадағы «Худа» да, араб тіліндегі «шариғат», «тура жол», «хидаят» деген ұғымдарға саятын «Һүдә-هُدى» сөзінен туындаған десек қателеспеспіз.

Демек, сонау ата-бабамыздан бері қолданылып келе жатқан «Құда қаласа» дейтін сөз тіркесі түптеп келгенде «Алла қаласа» дегенді білдіреді, «құда-жегжат қаласа» дегенді емес.

Ең дұрысы Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым