Намазда қосымша сүрені фатихадан бұрын оқыса, не істейді?
Намазда қосымша сүрені фатихадан бұрын оқыса, не істейді?
9 жыл бұрын 6284

Әссәләмуғалейкум! Намазда фатиха сүресін оқуды ұмытып, қосымша сүрені оқып, сосын артынша фатиханы оқитын болса, яғни, әуелі қосымша сүрені оқып, кейін артынша фатиханы оқыса, сәһу сәжде жасау керек пе? Рахмет.

Ғани

Уағалейкум әссәләм, Ғани! Намазда әуелі фатиха сүресін, одан соң екінші кезекте қосымша сүрені оқу – уәжіп. Егер, намазда фатихадан бұрын қосымша сүре оқылса, қайтадан фатиханы және одан кейін қосымша сүрені оқиды. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды[1]

Осы тұрғыда мынаны да айта кетелік, фатиха сүресін оқыған, оқымағандығына күмәнданса не істейді? Ондай кезде қараймыз:

  1. Егер, әлі қосымша сүре оқылмаған болса, онда, фатиханы оқып, артынша сүре оқылады.
  2. Қосымша сүре оқылып қойылса, «фатиха оқылды» деген үкімге тоқтайды да, әдеттегідей намазын жалғастыра береді[2].

[1] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар 3/198 бет; Фәтәуә әл-Һиндия, 1/79 бет.; 
[2] Ғылымхал, Омер Насухи Билмен. 

Абдусамат Қасым