Әртүрлі тақырыпқа байланысты үш сұрақ
Әртүрлі тақырыпқа байланысты үш сұрақ
1 жыл бұрын 3150

- Нәжіс тиген киімнің ауыстыруды ұмытып кетіп, намаз оқып қойса, уақыт өтіп кеткен соң еске түссе, не істеу керек? 

- Егер киімдегі нәжіс ең кемі алақан ойығындай көлемде болса (шамамен темір елу теңгенің көлеміндей), ол киім намаз оқуға жарамсыз, оқыған намаздың қазасын өтеп алу керек, ал бірақ ол нәжісті намаздан кейін байқасаңыз әрі қашан ластанғанын білмесеңіз, ол кезде қайта оқымайсыз. Сіздің жағдайда қайта оқып алу керек. 

- Аяқ-киімде «қосудың» суреті бейнеленген Норвегияның туы бар еді, зияны болса, жұлып тастайын ба?

- Аяқ-киімде тұрса зияны болмас, бірақ үстіңізге киетін киімде болса, алып тастаған абзал, өйткені аталмыш елдің жалауындағы «кресттің» суреті - христиан дініндегі крестің нышанын білдіреді. Аллаһу аъләм. 

- Менің сұрағым мынадай болып тұр, намаз оқып жүрген адам, арақ деп емес, жалпы алкогольді ішімдіктің бір түрінен мас боларлықтай емес, жәй бір ұрттам ішкен болса, ол адамның да намазы 40 күнге қиыла ма?

- Алкогольді ішімдіктердің қайсы түрі болса да ішу харам. Бір ұрттам ішсе де ауыр күнәсі бар. Бір ұрттам ішкен адамның да 40 күнгі намазының сауабы болмайды. Бірақ намазын жалғастыруы тиіс. Ол үшін намаз оқу міндеттілігінен босатылмайды.

Абдусамат Қасым