Намазда имам михрабтың ішінде тұрып оқыса бола ма?
Намазда имам михрабтың ішінде тұрып оқыса бола ма?
1 жыл бұрын 2461

Әссәләмұғалейкум уа Рахматуллаһи уа Баракатуһу! Құрметті сайыт ұжымы, Аллаһ сіздерден разы болсын. Тағы бір сұрақ сіздерге: Егер де, имам жамағатқа имам болып намазға шыққанда михрабтың ішіне әрі арқасы көрінбейтіндей кіріп кетіп имам болып оқыса, намаз макруһ бола ма? Бір имамдардың осылай айтқанын естіген едім. Жалпы имам жамағаттың алдында намазда михрабта қалай тұруы керек?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаз өткізетін имам кісі михрабқа түгелдей кіріп оқыса, онысы мәкруһ болады1. Себебі, имам арттағы ұюшыларға көрінбей кететіндіктен, жамағатқа қолайсыздық тудыруы мүмкін. 

Сондықтан да, имам кісі қиямда тұрғанда михрабтың сыртында тұрып, ал сәжде жасағанда маңдайы михрабтың ішіне келетіндей арақашықтықта тұрса болады. Бұған қатысты Имам Тахауи (рахимаһуллаһ) былай дейді:

«Имамның михрабтың ішінде тұрып оқуы мәкруһ болады. Ал қиямда тұрғанда имамның тұрысы михрабтың сыртында орын алып, ал сәжде жасағанда маңдайы михрабтың доғасына (немесе михрабтың ішіне) тура келсе, оның зияны жоқ»2.


1  Кей кітаптарда қасында жамағат болса, мәкруһ болмайды делінген, «ән-Нуқоя», 1 том. 295 бет.
2  Имам әл-Жәссас: «Шәрху мұхтәсари ат-Тахауия». Мәкруһатус саләһ.

Абдусамат Қасым