Кеудемді қайғы-мұң кернегенде, қандай дұға оқыса болады?
Кеудемді қайғы-мұң кернегенде, қандай дұға оқыса болады?
8 жыл бұрын 18838

1.Сәлеметсіз бе! Қатты қиналып, шешім таппағанда, барлық қиыншылықтар кезегімен мазалап қиналғанда қандай дұға оқып, Алладан көмек сұрауға болады? Т.

2. Сәлеметсіз бе! Маған қиналып жүрген кезде сабырлы әрі кешірімді болу үшін сүре жібере аласыз ба? А.

Сәлеметсіз бе! Сізбен бір дұға бөлісейін. Ол дұғаны көңіл-күй жоқ кезде, қысылып, кеудеңізді қайғы-мұң кернеп тұрған сәттерде іштей, бірнеше рет зейін салып оқысаңыз, көңіліңізге қуаныш, жүрегіңізге тыныштық орнайды. Дұға төмендегінше:

«ХасбунаЛлаһу, саю’тинаЛлаһу мин фадлиһи, иннәә илаЛлаһи рооғибуун!»

Мағынасы: «Бізге Алланың өзі жетіп асады. Бізге Алла өзінің нығметінен береді. Күмәнсіз, біз Аллаға жалбарынамыз, Алладан ғана көмек тілейміз»

Абдусамат Қасым