Ассаләмуғалейкум! Мен тағам өндірісі факультетінде оқитын едім. Бізді сыра (пиво) шығаратын заводқа практикаға жіберді. Бұйрық шығып қойыпты, енді ауыстырмайды екен. Егер практикаға қатыспасам, маған зиян. Және диплом алуға кедергісі болады. Айтыңызшы не істесем екен? Ақбота.
Мені сыра заводына практикаға жіберді, барсам күнә ма?
|
Уағалейкумсалам! Құрметті Ақбота, практикаға барған студенттер көбіне, ол нәрсенің жасалу процесін қадағалап, шығару жолдарымен танысады деген ойдамыз. Тікелей өндірісіне қатыспаса керек. Ішімдіктің жасалу жолдарымен танысу күнә емес.
Дегенмен, оқу басшылығының алдынан бір өтіп көріңіз. Өзге жерде практика өту мүмкіндігі қарастырылған болса, соны көрген дұрыс. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Мешітке кірген сайын мешіт ақысын (сәләм намазын) оқуым керек пе?
■
Жұмада екі құтпа арасында дұға етілгенде қол жайылмайды деген рас па?
■
Әйелімді сүймеймін деп ант еткен болсам, оның үкімі не болады?
■
Вагиналды бөлінулердің қайсысы дәретті бұзады? (әйелдерге қатысты)
■
Жұма күні қанша мәрте салауат айтқан жақсы?