Өлген кісінің суретін қимылдатып, жан бітіретін бағдарламаны қолдануға бола ма?
Өлген кісінің суретін қимылдатып, жан бітіретін бағдарламаны қолдануға бола ма?
2 жыл бұрын 1932

Ассәләмуғалейкум! Қазіргі технологиялық заманда неше түрлі приложениялар шыққандығы жасырын емес. Солардың бірі фотодағы адамды "тірі" қылады, яғни мимика, қимыл береді. Соған сай сұрақ: қайтыс болған адамның фотосын сондай бағдарламаның көмегімен жандандырса, қаншалықты шариғатқа сай? Қаншалықты теріс? Руслан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қайтыс болған кісінің суреттеріне қимыл беріп, оларға жан бітіретін бағдарламаны қолдануға қатысты бүгінде дін мамандарының бір сыпырасы күмәнмен қарайды. Дегенмен, оған оңды көз-қарас білдірген дін мамандары да жоқ емес. Бастысы мархұмның бейнесін келеке-мазаққа айналдырып, ары тапталмауы шарт.

Ал егер, қайтыс болған кісінің суретіне оғаш қимылдар беріп, оның бейнесін келекеге айналдырса, түрлі бейәдеп қимылдар телісе, ол - харам, күнә іс болады. Өйткені дінде өлген кісіні мазақ қылып, оны келекеге айналдыруға болмайды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым