Ассәләмуғалейкүм! Мен жұмыста жыл бойы аяғыма мəсі киіп жүремін, дəрет алғанда аяғыма мəсіх тарта салам. Жаз мезгілінде мəсіх тартса бола ма немесе мəсіні шешіп аяқты жүған дүрыс па? Жұмыста бір бала мешітте имам аяғында мəсіге мəсіх тартып намазға түрғанда бір топ адам сенін дəретін дұрыс емес деп болек сапқа түрып өздері бөлек намаз оқыды дейді. Айтуынша жазда күн жылы мəсіні шешіп аяқты жүу керек дейді. Соны түсіндіріп берінізші! Мен жұмыста қыста да жазда да арнайы аяқ қиіммен жүрем, сол үшін бүгін сол əнгімені естігеннен кейн өзім ойланып қалдым менің сонда дəретім дұрыс па, жоқ па, деп. Мұрат.
"Мәсіге жаз айларында мәсіх тартуға болмайды" дейді. Сол қаншалықты рас?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәсіні қыста да, жазда да киіп, мәсіх тарта беруге болады. «Қыста ғана мәсіх тартып, жазда мәсі кимесін» деген шарт мәсінің шарттарында қарастырылмаған. Мәсіге жазда да мәсіх тарта беруге болатынына орай ешбір сүннит ғұламасы күмән келтірмейді. Бастысы мәсі мәсіх тартуға жарамды болуы керек. Мәсінің шарттары жайында «мәсінің 7 шарты» атты жазбамызды оқысаңыз болады.
Өзекті сұрақтар

■
Намаздың екінші рәкәғатында, біріншісінен ұзақтау сүре оқыса, мәкруһ болмай ма?

■
Айша анамыз Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) тұрмысқа шыққанда қанша жаста еді?

■
Ережеп айында қанша күн ораза ұстау керек?

■
Шошқа асырау және оны сату харам ба?

■
Намазда екі сәжденің бірін ұмытып кеткен адам не істейді?