Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Сұрағым: Құран кітапты жатып оқуға бола ма? Өзге кітаптарды ше? Ұлан.
|
"Құран кітапты жатып оқысам бола ма?"
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құран оқу әдебі бойынша, Құран кітапты құбылаға жөн түзеп отырып оқыған абзалырақ. Бірақ Құран кітапты төсекте жатып оқудың да күнәсі жоқ, бастысы оқитын кісі дәретті, әрі ғаурат жерлері жабық болуы тиіс. Сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридің мынадай сөзі келтіріледі:
«إني أقرأُ القرآن في صلاتي، وأقرأ على فراشي»
«Мен Құранды намазда да оқимын, төсегімде де оқимын».
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?