Тусімде қайтыс болған анамды шомылдырыппын. Ол нені білдіреді?
Тусімде қайтыс болған анамды шомылдырыппын. Ол нені білдіреді?
2 жыл бұрын 2307

Тусіңде қайтыс болған анаңды шомылдырсаң не болады?

Құрметті сауал жолдаушы, кейбір мәліметтерде, түсінде мархұмды шомылдырғанын көруді – қайғысы бардың қайғысы кетіп, уайымы бардың уайымы сейілетіндігінің белгісі ретінде қараған, сондай-ақ, ондай түстің - өмір жолындағы кейбір кедергілерден оңай өтіп, шешілмей жүрген мәселесінің шешімі табыларына ишара деген.

Бұнымен қатар, түсінде мәйітті шомылдырудың тағы бір мәні: оның (түс көрушінің) тәубеге келіп, күнәларының жуылатындығының және Аллаға жақын құл болатындығының белгісі деседі.

Ендеше, түсіңізде қайтыс болған анаңызды шомылдырғаныңызды көрген болсаңыз, ондай түстің сіз үшін – уайым, қайғыңыз кетіп, күнәларыңыздың жуылатындығына, ал мархұм үшін ақыреттегі жағдайының жақсы боларына ишара. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым