Үйленбей тұрып қалыңдығына "құшағым харам болсын" десе, үкімі қалай? Талақ болып санала ма?
Үйленбей тұрып қалыңдығына "құшағым харам болсын" десе, үкімі қалай? Талақ болып санала ма?
5 ай бұрын 1368

Әссәләму ғалейкум! Егер бір кісі үйленетін қызына «саған құшағым арам болсын» десе талаққа санала ма? Қасиет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғат бойынша, үйленбей тұрып, қалыңдығына талақ жүрмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадис шәрифінде: «Некеден бұрын талақ жоқ» - деп айтқан1. Сондықтан да, сұрақтағы кісінің некеден бұрын «құшағым харам болсын» деп айтқан сөзі талақ болып саналмайды. Бірақ онысы «ант ету» болып саналатындықтан2, ант кәффәратын өтегені жөн. Ант кәффәраты: бір құл азат ету немесе он пақырды тамақтандыру, яки киіндіру. Оған шамасы жетпейтін мұсылман үш күн қатарынан ораза ұстайды. 


 

1Ибн Хажар әл-Асқалани: «Тәхрижу мишкәтиль Масабих». Хасан хадис.
2الأصل في تحريم الحلال إنما هو يمين - Халал нәрсені өзіне харам қылу ант болып саналады. (Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная»).

Абдусамат Қасым