Үйдің ішіндегі құмырсақаларды өлтіруге бола ма?
Үйдің ішіндегі құмырсақаларды өлтіруге бола ма?
5 жыл бұрын 20237

Сәлеметсіз бе! Үйдегі қаптаған құмырсқаларға дуст сеуіп, өлтіруге бола ма? Нұрилә

Сәлеметсіз бе! Үй ішін құмырсқа қаптаған жағдайда өзіңіз айтқандай дәрілеп оларды өлтіруге болады. 

Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз (ғалейһиссәләм) мынадай оқиға баян еткен:

«Пайғамбарлардың бірі бір ағаштың түбіне (демалайын деп) отырады. Сол арада бір құмырсқа оны шағып алады. (Жанына батқандықтан ашуланып) ағаш түбіндегі заттарын былай қойғызып, құмырсқаның үйін өртеуді бұйырады. Сол мезетте Алла тағала оған: «Бір құмырсқаны (өртемейсің бе, бәрін өртегенше)» деп, уахи етеді»[1]. 

Осылайша Алла Тағала пайғамбарды сабырға шақырып, жәндікке де әділдік көрсетуін, оның кінәсі үшін өзге кінәсіз жәндіктерді өлімге қимау керектігін үйреткен екен.

Аталмыш хадистен құмырсқаны адамға залалы тиген жағдайда өлтіруге болатындығын ұғынамыз. Бірақ, онысы мөлшерімен болғаны жөн. Мәселен, үйдегімен қоса, зияны тимесе де сырттағы құмырсқа атауын қырудың қажеті жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) құмырсқаны бостан-босқа өлтіруден тыйған[2]. 


[1] Сахих Бұхари – Китабу бүд*иль Халқ. Фатхуль Бари - №3141.
[2] Әбу Дәуід - №5267: «Алла елшісі (с.а.у) төрт жәндікті өлтіруден тыйған. Олар: құмырсқа, ара, көкек, тағанақ».

Абдусамат Қасым