Сөз байласқан жігітім хабарсыз кетсе, не істеуім керек?
Сөз байласқан жігітім хабарсыз кетсе, не істеуім керек?
8 жыл бұрын 7591

Сәлеметсіз бе? Өзімнің сырқатым бар, үйленсең, жазыласың дейді дәрігерлер. Тұрмысқа шығуға ниеттеніп ұсыныс жасаған, түсінігі бар бір кісімен кездестім. Сөзіміз жарасып, үйленуге уағдаластық. Ата-анаммен де кездесті. Сырқатым бар екенін де айттым оған. Оның ата-анасы қарсы болуы мүмкін екендігін айтты. Кетер кезде «менен басқа жігітпен сөйлеспейсіз» деп уәдемді де алып кеткен. Бірақ соңғы кездері жаңағы жігіт жоқ. Енді не істеймін, ұсыныс жасаған басқа кісілермен сөйлесуіме бола ма? Әлде бұрынғы жігітпен өзім хабарласып нақты жауабын алғаным дұрыс па, ұят болмай ма? Қандай кеңес айтар едіңіз? Р. С.

Сәлеметсіз бе! Үйленуге уағдаласу - ол, некелесу емес. Белгілі бір себептермен қыз да, жігіт те үйлену уәделерін бұзуларына құқылы. Дегенмен, маңызды себеп болмаса, арадағы уәдені бұзбаған жақсы[1].

Сізге айтарымыз: әлгі жігітпен хабарласа алатын мүмкіндігіңіз болғандықтан, ең дұрысы хабарласып мәселенің анық-қанығын нақтылап алғаныңыз жөн. Өйткені, белгілі бір себептермен байланыса алмай жатқан болуы да мүмкін (ауырып ауруханаға түсіп т.б) !

Ал, мүлдем із-түссіз кеткен жағдайда, жоғарыда айтып өткеніміздей: уағдаласу - неке емес. Некелесу уәдеңізді бұзуға құқылысыз.


[1] У.Зухайли, әл-Уәжиз – 3/24 бет.

Абдусамат Қасым