Мәйітті қабірге қойғаннан соң, жиналған жұрт бір уыстан топырақ салады. Осы хадисте бар ма?
Мәйітті қабірге қойғаннан соң, жиналған жұрт бір уыстан топырақ салады. Осы хадисте бар ма?
8 жыл бұрын 20470

Әссәләмуғалейкум! Мәйітті қабірге қойып болғаннан соң, жиналған халиқ қолымен бір уыс топырақ салады.  Мұны кейбіреулер «дәстүр» десе, кейбіреулер «дінде бар нәрсе» дейді. Мұның дінімізде үкімі қалай?  Аманқұлов

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә баракатуһ!

Хадис кітаптарында мынадай риуаяттар кездеседі:

Сахаба Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алланың елшісі жаназа намазын оқығаннан кейін, қабірге келіп, (қабірдің) бас жағына  үш рет (үш уыс) топырақ лақтырды»[1], - делінген.

Сондай-ақ, сахаба Амир ибн Рабиъа риуаят еткен хадисте де: «Пайғамбар (с.а.у.) Усман ибн Мазъунның жаназасын төрт тәкбір келтіріп оқыды. Қабірге келгенде (қабірдің) бас жағына тұрып үш уыс топырақ лақтырды», - делінген[2].  

Осыған орай, кейбір кітаптарда, мәйіт қабірге қойылысымен қабірді көмбей тұрып, жерлеуге келген әрбір мұсылманның қабірге үш уыстан топырақ тастаулары сүннет деп есептеген (немесе мұстахаб)[3].   

Ендеше, біздің елдегі жерлеу рәсімінде қалыптасқан «топырақ салу» әдеті де түптеп келгенде аталмыш хадистерден бастау алады деуге негіз бар.


[1]Ибн Мәжә – Китабуль Жанаиз. №1565 хадис.
[2] Даруқутни
[3] У.Зуһайли: әл-Фиқһул Исләми уә әдилләтуһу. 

Абдусамат Қасым