Үйленетін қыз жігіттен мәһр ретінде тістерін емдетіп беруді сұрауына бола ма?
Үйленетін қыз жігіттен мәһр ретінде тістерін емдетіп беруді сұрауына бола ма?
4 ай бұрын 1610

Ассаламуғалейкум! Келіншегім мәһрді ақшалай не заттай емес, ем үшін сурағым келеді дейді. Бұл мәһр шартына жата ма? Мысалы тісін толық емдетуге (ішіне бәрі кіреді: емдеу, жұлу, қайта тіс салу, имплант, жалпы толық емдеу) Шамамен, бұл емнің өзіне мәһрдің шартына кіретіндей сома жұмсалады. Алтын алғаннан гөрі денсаулығымды дұрыстап алғаным жақсырақ дейді. Осыған жауап берсеңіз!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Мәһрдің бір шарты - материалды құны бар зат болуы керек. Сондықтан да тіс жөндету ісі зат болып саналмайтындықтан мәһрге жатпайды, бірақ соның ақшасын мәһр ретінде сұрауына болады. Мәһрдің материалды құны бар зат болуы керек дегенге қатысты Құран Кәрімде былай делінген:

وَأُحِلَّ لَكُم مَّا وَرَاءَ ذَٰلِكُمْ أَن تَبْتَغُوا بِأَمْوَالِكُم مُّحْصِنِينَ غَيْرَ مُسَافِحِينَ ۚ

«Бұлардан өзгесін адал болып, зинақорлықтан сақтанып мал-дүние беріп алуларыңа рұқсат»1

Аталмыш қасиетті аятта «мал-дүние беріп...» делініп тұр, осыдан келіп мал-дүниеге саналмайтын нәрселер мәһрге жарамсыз деген үкім шығады2.


1Құран Кәрім, «Ниса» сүресі 24 аят.
2Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу». 3\491 бет.

Абдусамат Қасым