Татуажы бар әйелге дәрет алса бола ма?
|
Татуаж дәрет-ғұсылға кедергі ме?
|
Алдымен айта кету керек татуаж жасауды дініміз құптамайды. Татуаж да «татуировканың» бір түрі, оны да ине арқылы терінің астына белгілі бояуларды енгізу арқылы жүзеге асыратындықтан исламда харам болып саналатын татуировкаға ұқсас. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) денені инемен тесіп сурет салудан тыйған1.
Ал енді татуажы бар кісілердің алған дәреттері мен ғұсылдары жарамды ма? Татуаж жасау терінің астына 1 мм тереңдікке бояу енгізу болғандықтан, оның дәретке зияны жоқ. Дәрет пен ғұсылдың шарты - терінің астына емес, терінің үстіне судың тиюі. Сондықтан да, алынған дәрет пен ғұсыл дұрыс болып есептеледі.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1Сахих Муслим, «Китабул Либәс» – 3666.
Өзекті сұрақтар
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?