Балаға азан айтып атын қойып қойғаннан кейін, есімін қайта ауыстыруға бола ма?
Балаға азан айтып атын қойып қойғаннан кейін, есімін қайта ауыстыруға бола ма?
2 жыл бұрын 3077

Ассалямуалейкум уа рахматуллаhи уа баракатуh! Қояр сұрағым: Дүниеге келген сәбиге азан айтып, есімін қойып қойғаннан кейін, қайта есімін өзгерту керек болса, қайта азан айту шарт па? Нұрлан.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Баланың атын қойып қойғаннан кейін, қажет болса қайта ауыстырудың күнәсі жоқ және екінші мәрте қоярда да азан айтқан артық болмайды. Дінімізде оған байланысты тыйым кездеспеген. Азан айтпаған болса да күнәсі жоқ. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым