Харамнан түскен ақшаға алынған азық-түлікті жеуге рұқсат па?
Харамнан түскен ақшаға алынған азық-түлікті жеуге рұқсат па?
9 жыл бұрын 5684

Кешіріңіздерші, Алла үшін мына бір сұрағыма жауап берсеңіздер екен: Ағам жұмыс таппай жүрді. Кейінірек, кәуап сатушысы ретінде жұмысқа кірді. Бірақ бастықтары кәуапқа шошқаның майын қосатын көрінеді. Ағамыздың тапқан айлығына азық-түлік аламыз. Алынған азық-түлік те харам болып табыла ма? Не істесек болады? Айнур Қ.

Қадірменді Айнур, алдымен мынаны айта кетуіміз керек: мұсылман кісінің біле тұра харам асты сатуы күнә болмақ. Ағаңыз мүмкіндік туып жатса, өзге жұмысқа ауысқаны дұрыс.

Сұрағыңызға келер болсақ, ағаңыздың тапқан ақшасына алынған азық-түлікті ішіп-жеудің күнәсі жоқ. Өйткені, азық-түліктің өзін алып қарағанда адал. Осыған қатысты XVIII-XIX-ғасырларда өмір сүрген, Ханафи мәзхабының атақты фиқһ ғалымы Ибн Ғабидин мынадай тұжырым жасайды:

«Азық-түлікті немесе киім-кешекті жеке алып қарағанда харам ақшаның өзі емес. Сондықтан, сол ақшамен алынған асты жеу – халал...» 

[Ибн Абидин, Раддул Мухтар. 9/554 бет.].

Абдусамат Қасым